Қызылордада қоғамдық тамақтану жұмыскерлеріне вакцина салып жатыр

Қызылордалық дәмхана, мейрамхана ұжымдары белсенді түрде вакцина қабылдап жатыр.

Облыс орталығындағы 160 қоғамдық тамақтану нысаны қызметкерлерінің 90 проценті екпе салдырды. Емханаларда ұзын сонар кезекке тұрмау үшін бизнес нысандары жылжымалы медициналық бекеттерді шақырып, вакцина салушы топқа жағдай жасап берген. Екпе дәрігерлер келушінің қан қысымы, қант деңгейі мен дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізіп алады. Жалпы өңір тұрғындарының үштен бірі ковидке қарсы препарат салдырып үлгірді.

Гүлнұр Рзаева, мейрамхана менеджері:

- Мен вакцина алдым. Одан кейін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Температура, дене ауыру, ешқандай белгі болған жоқ. «Ашық» деген қосымша арқылы өтіп, жасыл статус шыққан кісілерге 10% жеңілдік болады.

Сондай-ақ...