Ресейде ковидтен өлім-жітім бойынша антирекорд орнады

Ресейде коронавирустан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша рекорд орнады.

Бір тәулікте 669 адам көз жұмған. Бұл туралы ковидке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері хабарлады. Бұдан бөлек 21 мыңнан астам азамат қауіпті инфекцияға шалдыққан. Жағдайдың ушығуына байланысты елдің бірқатар өңірі шектеу шараларын күшейте бастады. Мәселен, Мәскеуде вакцина алмаған азаматтар енді кафе-барларға кіре алмайды. Осыған байланысты шаһардағы вакциналау орталықтарында қазір ұзын сонар кезек. Айта кетейік, Ресейдегі ахуал жаздың басында күрт нашарлап кетті. Ол вирустың жаңа штамдарымен байланысты. Қолда бар мәлімет бойынша науқас деп танылған тұрғындардың 90 процентінде дельта дерті анықталып жатыр.

Сондай-ақ...