Суға шомылу маусымы: қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек

Суға шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан бастап) мас күйде суға шомылу, шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан еліміздің су айдындарында 72 адам, оның ішінде 27 бала суға батып, қайтыс болды.

Суға батқандардың ең көп саны Түркістан (14), Қызылорда (8), Алматы (7) және Шығыс Қазақстан (7) облыстарында тіркелген.

Су айдындарының жағалау аумағын патрульдеу жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 59 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарды.

Су айдындарында адамдардың қайтыс болуына жол бермеу мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, халық арасында 323 мыңнан астам үгіт-насихат өнімі (буклеттер, парақшалар) таратылды, Халықпен 2 мыңға жуық жиын өткізілді. Профилактикалық жұмысқа 5600-ге жуық волонтер де тартылды.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін бұзушыларды анықтау және су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзғаны үшін 1000-ға жуық адам, ал ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1000-нан астам адамға ескерту жасалды.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, бірінші кезекте:

– алкогольден және есірткіден мас болған күйде суға кіруге және шомылуға;

– қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

– жүзу шекарасын белгілейтін буйкалардың артынан жүзуге;

– жүзуге арналмаған заттарда жүзуге;

– балаларға ересек адамдардың қарауынсыз суға шомылуға тыйым салынады.

Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі