424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент «қызыл аймаққа» өтті

  • 221
  • UPD: 12:32, 01.07.2021
Шымкент «қызыл аймаққа» өтті

Елдегі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы «қызыл аймаққа» өтті.

Онда соңғы тәулікте 143 адам коронавирус жұқтырған. Қауіптің жоғары деңгейі сондай-ақ елордада, Алматы қаласында, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында сақтаулы.

«Сары аймақта» Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

Ал «жасыл аймақта» Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы