Қ.Көшербаев ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссия отырысын өткізді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен 2021 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия сыйлыққа ұсынылған 16 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен, сондай-ақ медицина және биология ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары, техника ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған және алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді. Тізім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі