Вакцина салдырмағандардың жұмысқа баруына шектеу қойылады – Қаулы

Вакцина салдырмаған қазақстандықтардың жұмысқа баруына шектеу қойылады. Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында жазылған.

Екпе алмағандар немесе алғысы келмейтіндер апта сайын ПТР тест тапсыруы керек. Оның мерзімі тек 7 күнге жарамды болады. Денсаулығында кінәраты бар жандарға вакцина алуға болмайтыны туралы медициналық анықтама беріледі. Бұл талап халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, банк, валюта айырбастау бөлімшелері, гүл сататын орындарға, нотариус, сауда үйлері, қонақүйлер, әуежай, мектеп, балабақша және өзге де мекемелерге қатысты.