Елорда күні қарсаңында карантин тәртібі күшейтіледі

Шілденің 4-інен бастап Ashyq жобасын іске қосқан елордалық мейрамхана, дәмханалар жұмысы 22:00-ге дейін қысқарады.

Ал жазғы террассасы барлары түнгі 12-ге дейін қызмет көрсетпек. Сонымен бірге қоғамдық көлік қатынасы жексенбі күні тоқтайды. Ashyq жобасымен жұмыс істейтін фитнес орталықтардың жұмысына тыйым салынған, ал қосымшаны орнатқандары тек демалыс күндері ғана жабық болмақ. Естеріңізге салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің елорда күнін атап өтуге тыйым салатын қаулысы шілденің екісінен бастап күшіне енеді. Аудиторияны 20 процентке қамтитын театрлардан басқа жабық мекемелерде мерекелік шара ұйымдастырылмайды.

Жабық дәмхана, мейрамхана - 22:00-ге дейін

Жазғы террасса – 00:00-ге дейін