424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқаш көліне қауіп төніп тұрған жоқ

  • 99
  • UPD: 15:39, 01.07.2021
Балқаш көліне қауіп төніп тұрған жоқ inbusiness.kz

Көлдің тұрақты деңгейде сақталуына (Балтық жүйесінің 341 М белгісінен төмен емес) жыл сайын оған 12 млрд м3 су ағынының құйылуымен кепілдік беріледі.

Бұл ретте ағынның 70%-і трансшекаралық Іле өзені арқылы келеді. Гидрологиялық деректерді талдау көрсеткендей, Іле өзенінің ағысы 2001 жылдан 2020 жылға дейін 13,8 млрд м3 құрады. Көлге жыл сайын шамамен 20 млрд м3 су ағыны қүйылады, Іледен кейінгі ең ірі өзендер - Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірленді. Жоспарда өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды төгінділерін қысқарту, Іле өзені атырауының ағындарындағы тазарту және түбін тереңдету жұмыстары, ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта құру және суды үнемдеу үшін Іле өзені бассейнінде гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту және суарудың заманауи технологияларын енгізу, Іле өзені ағынының ауытқуын азайту үшін Қапшағай су электр станциясыың Кербұлақ контрреттегішін салу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Бұл іс-шаралар әзірленіп жатқан су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын болады.

Сондай-ақ, Балқаш көлінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында және Іле өзені атырауындағы балық қорларының өнімділігін қалпына келтіру және одан әрі молайту үшін 2006 жылдан бастап жыл сайын Алматы облысының әкімдігі көл атырауындағы арналарды кеңейтуді және тереңдетуді жүргізуде.

2020 жылы Балқашқа құятын арналарды механикалық тазалау және тереңдету бойынша 5 жоба іске асырылды. Биыл Іле өзені суының көлге құюын арттыру үшін 4 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы