Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимді массаж салоны анықталды

Алматыда жеке үйдің атын жамылып жұмыс істеген интимді массаж салоны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ғимарат Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан. Ол сыртынан тұрғын үйге ұқсайтын үлкен коттедж.

«Түнгі сағат онға жақын тексеру кезінде жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін алты массажист сымақ қыз бен әкімші болды. Бұл әйелдер – біздің отандастарымыз, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар. Қызметкерлердің ең үлкені 28-де, кішісі 19-да. Салонның әр қызметкерінің жеке басын тексеру үшін оларды АПБ-на жеткізді. Массаж салонының иесіне қатысты жезөкшелікпен айналысуға арналған жезөкшелер үйін ұстауға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.