Алматыда жаңа ғарыштық құрылғылар орнатылады

Тамыз айында Солтүстік Тянь-Шань тауында орналасқан Ассы-Түрген обсерваториясында үш жаңа телескоп орнатылады.

Олар қашықтан басқарылады және барлық ақпарат Алматыдағы жаңа деректер орталығында өңделеді. Қазақстандық астрофизиктер үшін бұл құрылғылар қауіпті объектілерді жақын ғарышта және жер кеңістігінде бақылау үшін қажет. Бір жарым метрлік AЗT-20 телескоптарының ерекшелігі ғарыштағы құбылыстарды тез арада тіркеуге мүмкіндік береді. Төменгі орбиталарда жылдамдық секундына шамамен 10-14 шақырым болады. Ол үшін нысанды бір минутқа дейін қадағалап үлгеру керек. «Тіпті оның фотометриялық және спектроскопиялық деректерін 10-15 секундта ұстап қалуға тырысады. Сондықтан бұл жаңа телескоптардың маңыздылығы өте жоғары», – дейді астрофизиктер.

Максим Кругов, В. Фесенков атындағы астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері:

– Мынау үлкен телескоптың жұмысы терең кеңістікті зерттейді. Өйткені оның диаметрі үлкен және өрісі кең. Бұл телескоптардың қызметі де мүмкіндігі де әртүрлі. Жаңа телескоп ғарыштағы құбылысты жылдам тіркесе, үлкен құрылығының көмегімен гамма сәулелерден кейінгі ұзаққа созылатын құбылыстарды бақылауға болады.