Парламент Сенатының депутаттары Апаттар медицинасы орталығында болды

Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ сенаторлар Қ.П.Қожамжаров пен Е.Ж.Сәрсембаев Қазақстан Республикасы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығында болды.

Сенаторлар Апаттар медицинасы орталығының қызметімен танысты. Оның қызметкерлері төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді, сондай-ақ трассалардың қала сыртындағы учаскелерінде жол-көлік оқиғалары кезінде медициналық-құтқару көмегін көрсетуді жүзеге асырады.

Апаттар медицинасы орталығының құрылымдары Қазақстанда да, шетелде де 40-тан астам ірі төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарын жоюға қатысты, сонымен қатар 45 мыңнан астам зардап шеккен адамға білікті медициналық көмек, 4 мың зардап шеккен адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетті.

Апаттар медицинасы орталығының 40 трассалық медициналық-құтқару пункті Республика трассаларының неғұрлым авариялық учаскелерінде орналасқан және тәулік бойы жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарға медициналық, сондай-ақ құтқару көмегін көрсетеді.

Сапар барысында сенаторларға төтенше жағдайға шығуды жүзеге асыру кезінде АМО дәрігерлері пайдаланатын медициналық көлік құралдары көрсетілді. Бұл реанимобильдер, Камаз автомобилі базасындағы мобильді медициналық кешен және ТРЭКОЛ жол талғамайтын санитарлық автокөлігі. Барлық техника ТЖ аймағында немесе медициналық эвакуациялау барысында қажетті реанимациялық іс-шараларды орындауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар сенаторлар арнайы манекен-тренажерлармен жабдықталған медицина қызметкерлерін өз бетінше дайындауға арналған ахуалдық сыныбымен танысты. Мұндай тренажерлардың міндеті – өмірде болып жатқан нақты жағдайларға барынша жақын клиникалық жағдайларды жасау. Тренажерде реанимацияны орындау тәжірибеде негізгі әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді, бұл зардап шеккен адамдардың өмірін сақтау үшін манипуляциялар жасау дағдыларын үйретуге көмектеседі.

Сенаторлар қазіргі жағдайда апаттар медицинасы елдегі ықтимал төтенше жағдайлардың қауіп-қатерлерін жоюға дайын болу үшін білікті кадрлармен және жабдықтармен қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті. Дәрігерлер үшін қажетті процедураларды ертерек жүргізуге, көбінесе реанимацияға және науқастың өмірін сақтай алатын заманауи жабдықтарға бар болуы өте маңызды.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі