Индустриалды аймақ жұмысшыларының 60%-і вакцина салдырды

Алматы индустриалды аймағындағы кәсіпорын жұмысшыларының 60 проценті коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Бұл шамамен 700-ден астам адам. Осы жерде орналасқан 13 кәсіпорында жалпы саны 1200 адам жұмыс істейді. Бірқатары ағзаларында антидененің болуына байланысты екпе алмапты. Дегенмен мұндағы 4 өндіріс орнының қызметкерлері 100 процент вакцина салдырған. Енді олар эпидемиологиялық жағдайға қарамастан тұрақты жұмыс істей алады. Вакциналауды арнайы мобильді топ дәрігерлері жүргізген. Қалада осындай 307 жылжымалы топ жұмыс істейді.

Әділ Әміралин, Алматы индустриалды аймағының директоры:

– Кәсіпорындағы вакцинация барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде. Алматы индустриалды аймағының мамандары өнідіріс орындарын аралап, жаппай екпе алудың маңыздығын түсіндіруде. Осының нәтижесінде бір айға жуық уақытта вакцина салдырғандардың үлесі екі есеге артты.