Атырауда вакцина алушылар қатары көбейді

«Қызыл аймақта» тұрған Атырау облысында індеттің беті қайтар емес.

Жергілікті билік вакциналау жұмысын жандандыруға күш салып жатыр. Облыстың бас санитарлық дәіргерінің қаулысы бойынша 26 маусымнан бастап барлық сауда орындары мен мейрамхана, дәмханалардың жұмыс кестесі қысқартылды. Көпшілік жиналатын орындарда егу жұмысы жанданып келеді. Қазір мұнайлы өңірде вакцина салдырғандар саны 85 мыңнан асты. Облыста 41 емхана мен 10 жылжымалы пункт жұмыс істеп тұр. Өткен тәулікте 98 адамнан жұқпалы дерттің белгілері анықталды. 69-ы облыс орталығынан, қалғандары «Теңіз» кен алаңы мен аудандарда тіркеліп отыр. Ауруханаларда 397 науқас ем алып жатыр.

Бақытгүл Хаменова, облыс әкімінің орынбасары:

– Күніне 60-80 адам анықталып жатыр. Десек те бұл эпид ахуалды түзеуге өңір толықтай дайын десек те болады. Халықтың қазіргі таңда бірінші компанентті 70 проценті алса, екінші 40 процент халық алып, қазір екпе жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы екі аптада 41 процентке көресткіш өсім бар. Қазір вакцинаны толыққанды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.