424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында құс фабрикасы топырақ пен жерасты суларын ластап жатыр

  • 109
  • UPD: 22:42, 01.07.2021

Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экологтар жуырда ғана анықтапты.

Тексеру барысында кәсіпорыннан шыққан қалдықтар жерге көмілетіні белгілі болды. Ал зертханалық сынамалар топырақ құрамынан күкірт, калий, фосфор, магний мен кальцийдің көп мөлшерін анықтап отыр. Экология департаменті сотқа шағым түсіріп, құс фабрикасына олқылықты жойғанша қалдықтарды көмуді тоқтата тұруға нұсқама берді. Жетекші ауылының тұрғындары да жағымсыз иіске тұншығып отырғанын айтып наразылық танытқан.

Мағзұм Қоқымбаев, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

– Табиғатты пайдаланушы кәсіпорын қалдықтарды жоятын орынды бетондап, қоршаған ортаға кері әсері тимейтіндей сүзгі қабатын орналастыруы тиіс еді. Себебі құстың қиы топырақ пен жер асты суларын ластайды. Кәсіпорын осы шараларды қалпына келтіргеннен кейін өзінің қалыпты жұмысын жалғастыратын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы