Аптап ыстық қашан басылады?

Шілде айы ыстық болады.

Айдың ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде 40-қа дейін баруы мүмкін. Шілденің бірінші онкүндігінде Ираннан келетін жылы ауа массалары еліміздің көп аймағында сақталады. Ал 5-7 шілдеде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік және орталық Қазақстанда өткінші жаңбыр жауып, жел күшеюі күтіледі.

Жұлдыз Исабекова, Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:

– Екінші ыстық толқын Қазақстан басым бөлігінде шілденің ортасында болады деп болжап отырмыз. Бұл күндері ауа температурасы еліміздің солтүстігінде 30-38 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстік өңірлерде 35-40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Сондай-ақ...