Қашықтан жұмыс істейтіндерге толық еңбекақы төленеді – Қ.Тоқаев

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде заң жүзінде «Қашықтан жұмыс істеу» және «Аралас қашықтан жұмыс» түсінігі пайда болады.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Оның негізінде белгіленген жұмыс уақыты мен тараптардың міндеті айқындалады. Яғни жұмысшы келісімшарттағы міндеттерін түгел орындаса, оған еңбекақы да толық көлемде төленуі тиіс.