Қ. Тоқаев ауыл әкімдерін қажетті ресурспен қамтамасыз етуді тапсырды

Президент жалпы ұсынылған ұлттық жобалардың тізімін қолдады және Үкімет пен Агенттікке 15-ші тамызға дейін ұлттық жобалардың нақты, келісілген әрі қаржылай қамтамасыз етілген мәтінін енгізуді міндеттеді.

Талқылауға енгізілген екінші құжат – Сума Чакрабартидің есебіндегі ұсыныстарды жүзеге асырудың Жол картасы. Президент «аталған есепте маңызды проблемалар көтеріліп, пайдалы бастамалар ұсынылған»,-деді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы. Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді институтын құруды маңызды міндет деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жақын арада аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқаны өтеді. Бұл саяси жүйенің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сондай-ақ, қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді. Аталған трансформациялық өзгеріс аясында басқару деңгейлері: облыс, аудан, округ арасындағы өкілеттілік пен жауапкершіліктің ара-жігін нақты айқындау – мемлекеттік аппараттың басты міндеттерінің бірі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін барлық қайшылықтар мен олқылықтар реттелуі қажет.

Президенттің айтуынша, ауыл әкімдеріне зор өкілеттілік бере отырып, оларды қажетті ресурстармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы бар. Осыған байланысты Үкімет қаржыландыруды қайта қарауы керек. Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органы – кеңеске жүктелетін міндеттерге де арнайы тоқталды.

1 МИЛЛИОН ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Кеңес отырысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік пен Үкімет бірлесіп әзірлеген он ұлттық жобаны таныстырды. Бұл жобалар Жалпыұлттық басымдықтар мен 2025-ші жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Қайрат Келімбетов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы:

Мемлекеттік жобалар жүзеге асар болса, 1 млннан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа дейін ұзартылады. Өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы ЖІӨ айырмашылығы 3 есе қысқарады. Халық негізгі мемлекеттік қызметтерді толықтай ала алады. Қала мен ауыл халқының медициналық және білім беру қызметіне қол жеткізуі теңеседі. Шетелдік инвестиция ағыны 30 млрд долларға дейін артады. Осының бәрін жүзеге асыруға 37 млрд теңге инвестиция тартылады.

Агенттік төрағасының баяндамасын және Кеңес мүшелерінің пікірін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұсыныс айтты. Үкімет нақты, шынайы, халыққа түсінікті және жұрттың тұрмысын жақсартуға бағытталған міндеттерді шешуі тиіс.

Қ. ТОҚАЕВ: КАБИНЕТІМІЗДІҢ СЫРТЫНДАҒЫ ӨМІР КҮРДЕЛІ БАҒЫТТА ДАМУДА

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Негізінде, ұлттық жобалардың әзірленуіне қатысты жұмыстарыңыздың мақсат-міндеттеріне бірыңғай түсінік керек. Шын мәнінде, мақсат бөрікті аспанға ататындай және артық теорияландыратындай емес, прагматикалық тұрғыда болуы тиіс. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес «қиялилардың клубына» айналмауы қажет. Кабинетіміздің сыртындағы өмір күрделі бағытта дамуда. Қазір біз ең қажетті деген азық-түлік бағасының шарықтауына, жалпы инфляцияның өсуіне қатысты шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұдан бөлек халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қыруар мәселе бар. Мысалы, қуаңшылық мал шаруашылығына кері әсер етіп отыр. Біз қалыптасқан жағдайға шынайы қарайық. Бұл жерде алдымызда тұрған міндетті терең түсініп, үйлесімді жұмыс істеу керек.

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫН ЖІТІ ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы ұлттық жобаларды жүзеге асыруға өте көп қаржы бөлінетінін айтты. Бөлінуін бөлінер. Бірақ, сол қырауар қаражат ұстағанның қолында кетпеуі тиіс. Президент осыған баса назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Осыған байланысты мені жемқорлық мәселесі қатты алаңдатады.  Ірі жобаларды жүзеге асыруға байланысты, әсіресе, инфрақұрылымдық құрылыс саласында, мол қаржы туралы ақпарат шыға салысымен-ақ, мұндай жобалар жіті бақылап отырған «әккі аңшылардың» назарына бірден ілігеді. Олар бөлінген қаржының бір бөлігін қалталарына басып қалуға тырысады. Әңгіменің ашығын айтайық. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан Үкімет пен тиісті агенттікке аталған мәселені мұқият қарауды ескертемін. Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың пайдасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс.

Қ. ТОҚАЕВ АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ҚАЖЕТТІ РЕСУРСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Президент жалпы ұсынылған ұлттық жобалардың тізімін қолдады және Үкімет пен Агенттікке 15-ші тамызға дейін ұлттық жобалардың нақты, келісілген әрі қаржылай қамтамасыз етілген мәтінін енгізуді міндеттеді. Талқылауға енгізілген екінші құжат – Сума Чакрабартидің есебіндегі ұсыныстарды жүзеге асырудың Жол картасы. Президент «аталған есепте маңызды проблемалар көтеріліп, пайдалы бастамалар ұсынылған»,-деді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы. Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді институтын құруды маңызды міндет деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жақын арада аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқаны өтеді. Бұл саяси жүйенің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сондай-ақ, қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді. Аталған трансформациялық өзгеріс аясында басқару деңгейлері: облыс, аудан, округ арасындағы өкілеттілік пен жауапкершіліктің ара-жігін нақты айқындау – мемлекеттік аппараттың басты міндеттерінің бірі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін барлық қайшылықтар мен олқылықтар реттелуі қажет.

Президенттің айтуынша, ауыл әкімдеріне зор өкілеттілік бере отырып, оларды қажетті ресурстармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы бар. Осыған байланысты Үкімет қаржыландыруды қайта қарауы керек. Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа органы – кеңеске жүктелетін міндеттерге де арнайы тоқталды.

ЖАҢА ИНСТИТУТ – КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кеңес – бұл түбегейлі жаңа институт. Ол шешім қабылдау және бақылау сияқты нақты ықпал ету тетіктеріне ие болуы тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кейбір жергілікті салықтар бойынша бекітілген мөлшерлеме аясының шегінде түзету енгізу құқығын беру маңызды жаңалық болмақ. Бұл ретте дәл осы кеңес ауылдағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Яғни, бизнес өкілдерін тарту үшін фискальді кірістің барынша көп болғаны қажет пе әлде салықтың мейлінше төмен болғаны керек пе оны кеңес өзі айқындайды. Аталған құжатты дайындау және кең ауқымда талқылау үшін жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жалпы оны қолдау керек деп ойлаймын.

Үкіметке жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітуге енгізуі керек. Жиын соңында Преиздент осыны міндеттеді.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Мерей Мұратханқызы