АХҚО жоғары қаржылық хабқа айналды

Биыл Астана Халықаралық Қаржы Орталығы аумағына түскен инвестиция үлесі 2,2 есе артты.

Сөйтіп жалпы көлемі 4,4 млрд долларды құрады. Ал бюджеттік өтінім үлесі 12 млрд теңгені құрады. Оның бәрі ел экономикасын дамытуға бағытталады. Сондай-ақ ұйым өңірлік қаржылық және инвестициялық орталыққа айналған. Бүгін мемлекет басшысына былтырғы жетістіктер баяндалды. Халықаралық қаржы орталығы алдағы 5 жылда ауқымды бағыттарды бағындырмақ. Стратегия әзірленіп жатыр. Ал келесі жылы 600-ге жуық мемлекеттік активті бәсекелік ортаға өткізу жұмыстары басталады.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

– Астана халықаралық қаржы орталығы – нағыз халықаралық қаржылық орталыққа айналды. Аталған бағытта бірнеше меморандумға қол қойылады. Халықаралық сотты да нағыз сотқа балама болуына жағдай жасадық. Былтыр біз айтулы нәтижеге жеттік. Енді корпоративтік даму бойынша ұсыныстар дайындап отырмыз.

Алдағы 5 жылда Астана Халықаралық Қаржы Орталығы юрисдикциясына 2000-ға тарта компания тіркеледі деген жоспар бар. Жоғары қаржылық хабтың жұмысына Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары баға берді. Орталық алдағы 4 жылда толық өңірлік қаржылық орталыққа айналмақ.

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

– Еуразиялық даму және жаңғыру банкі Қазақстанның экономикасы 3,5 процентке дейін өсетінін болжады. Самрұқ-Қазынаның IPO сы үшін бұл үлкен мүмкіндік. Ұлттық IPO өткізу жайын қолдаймын. Оған отандық қаржылық алаңдар қатыстырылуы керек. АХҚО биржасында мемлекеттік құнды қағаз шығаруды қолдаймын. Ол бар инвесторларды бір жерден екіншісіне көшіп жүруіне жағдай жасамауы керек.