Атырауда 600 келі бекіре балығын сатпақ болған азамат ұсталды

Тәртіп сақшылары кезекті рейд кезінде Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында тұратын 31 жастағы тұрғынның үйінен салмағы жарты тоннадан асатын 169 дана бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара базарда бағасы 2 млн теңгеден асатын су маржанын қайдан және қашан алғанын күдікті айтып бере алмады. Полицейлер күдіктінің бұл іспен көптен бері айналысатындығын айтып отыр.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Атырау облыстық ПД криминалдық полиция басқармасына Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны өзінің ауласында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтап және сатып жүргендігі туралы ақпарат келіп түскен. Қазіргі таңда бұл аталған азаматқа қатысты ҚК-тің 339-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.