Аршалыдағы сайлау учаскелері науқанды өткізуге дайын

Ауыл әкімдерін сайлауға жең түре кірісіп кеткендері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аршалыдағы сайлау учаскелері науқанды өткізуге дайын. Не керектің бәрі жеткізілген. Ауданда 13 сайлау орны ашылыпты. Оның жетеуі Аршалы ауылында. Әзірге 6 кандидат тіркелген. Бірақ алдағы уақытта олардың саны көбеюі мүмкін. Осы үміткерлерге 9 мыңға жуық адам дауыс бере алады. Әзірге әкім болуға өз-өзін ұсынғандары жоқ. Бәрі саяси партия мүшелері.

Елена Андрух, Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Санитарлық талаптар қатаң сақаталады. Кіреберісте дауыс берушілердің дене қызуын өлшейміз. Олардың арақашықтық сақтауын қадағалаймыз. Барлығы маска тағып кіреді. Ал сайлау комиссиясының мүшелері толық екпе салдыру керек. Оларға сондай талап қойып отырмыз.