Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы ерте бітеді

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысын 2022 жылы бітіру керек.

Үкімет басшысы Асқар мамин мердігерлерге осындай тапсырма берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әу баста құрылыс 2024 жылы аячқталады деп жоспарланған еді. Бірақ Алматыға жұмыс сапармен барған Премьер-министр қарқынды үдету керек деді. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 66 шақырым. Алты жолақты болады. Жер үсті өткелдері салынады. Жобаны құны – 150 млрд теңге.