425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жалған екпе паспортын қолданушылар көбейді

  • 252
  • UPD: 15:49, 02.07.2021

Вакцинаның жалған паспортын қолданушылар көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін 4 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар коронавирусқа қатысты тест нәтижесін қолдан жасаған ондаған дерек анықталды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді. Жиында елдегі эпидахуал мен оған қатысты шұғыл шаралар талқыланды. Комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов «сары аймақтағы» өңірлерде карантинді күшейтуді тапсырды. Екпе жұмысының қарқыны сөз болып, ауыл тұрғындарын вакциналауды жеделдету жайы айтылды.

Хабар 24 телеарнасы