Оралда эпидахуал күрделі

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал күрделі. Өңір қазір қызыл аймақта.

Соңғы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 38 процентке өскен. Өткен тәулікте тағы 143 адамнан ауру анықталды. Ауырғандардың дені облыс орталығының тұрғындары. Бәйтерек, Бөрлі және Тасқала аудандарында да жағдай жақсы емес. 28 маусым күні карантиндік шектеу туралы қабылданған қаулыға сәйкес ұжымдық және отбасылық іс-шараларды өткізуге болмайды. Барлық ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынды. Мониторинг топтар бес жүзден аса нысанға 121 рейд ұйымдастырған. Санитарлық ережелерді бұзған 13 нысанға 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық СЭБ департаменті басшысының орынбасары:

- 1 шілдеге дейін вакцинаның бірінші компонентін алуға барлығыңызды шақырамыз. 15 тамызға дейін екінші компонентін алу қажет. Жұмыс берушілер өздерінің жұмыс орындарында жұмысшылардан міндетті түрде вакцинаны алуды талап етуі қажет. Егер де екпе алуға келіспейтін жағдайда аптасына 1 мәрте ПТР сынамасын алу қажет болады. Жұмыс берушілер немесе жеке тұлғалар бұл шараны орындамайтын болса бұл жерде айыппұл да көзделген болатын.