424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 123
  • UPD: 17:39, 02.07.2021
А.Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов баяндама жасады. Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша бағдарламалар үйлестірушісі Саша Джумена агломерацияларды дамыту бойынша әлемдік тәжірибені қолдану туралы баяндады. Талқылауға энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және т.б. қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 17 наурызда Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Бірыңғай интеграцияланған көлік жүйесін құру, инженерлік, тұрғын үй, туристік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, білім беру және денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау және Алматы агломерациясының елді мекендерін газдандыру, сондай-ақ Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін нығайту жобалары талқыланды.

Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспары 2030 жылға дейін 108 іс-шараны орындауды көздейді. Жоспарлау кезінде пайдаланылған болжамдарға сәйкес Алматы қаласының тұрғындарын қоса алғанда, Алматы агломерациясының халқы 2030 жылға қарай 1,6 млн адамға ұлғаяды және 4,7 млн адамнан асады, олар 860 мың га астам аумаққа қоныстанады. 2020 жылдан бастап жоспардың 60 тармағы бойынша жобаларды іске асыру басталды, олардың 13-і аяқталды. Премьер-министр биылғы 20 тамызға дейін «Үлкен Алматының» төрт пилоттық жобасын іске асыру: экологиялық проблемаларды шешу (Green Almaty), бірыңғай көлік моделін және даму стратегиясын әзірлеу, ШОБ цифрлық картасын қалыптастыру, мониторинг пен ТЖ алдын алудың кешенді жүйесін әзірлеу мәселелерін пысықтауды тапсырды.  

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне биылғы 1 қарашаға дейін Алматы қаласында цифрлық технологияларды (АT-құмсалғыштар) дамыту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне биылғы 20 қазанға дейін агломерацияның бірыңғай көлік моделін әзірлеу тапсырылды. Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Үкімет басшысына Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалын салу жобасы ұсынылды, ол жылдық жолаушылар айналымын 6 млн адамға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Іске асыру мерзімі – 2021-2023 жылдар.

А.Мамин «Аюсай» сел ұстайтын бөгетінің, сондай-ақ Алматы қаласының көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс алаңдарына барды.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы