Ақмола облысында 130 мыңнан астам адам екпе салдырды

Бұл өңір халқының шамамен 20 процентін құрайды.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі 60 процентке жеткізу керек деген міндет қойған. Яғни 400 мыңнан аса тұрғын вакцина алуы тиіс. Қызмет көрсету саласының мамандары енді ғана белсенділік танытуда. Қазір аймақта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы пандемия басталғалы Ақмола облысында 24 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, 100-ден астамы көз жұмды.

Нариман Сыздықов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Облыста 131 екпе пункті мен 120 мобильді бригада жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, тұрғындарға 11 жылжымалы кешен қызмет көрсетуде. Ал коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттер 15 медициналық мекемеде емделеді. Оларда 1 жарым мыңнан астам орын бар.