Елордада карантин тәртібін бұзған мекемелер анықталды

Елордада полиция қызметкерлері 92 кәсіпкерлік нысанның карантин тәртібін тексеріп, 10-ға жуық заң бұзушылықты анықтады.

Мәселен, Мәскеу көшесіндегі дәмханалардың бірі түн жарымда келушілерді қабылдап, санитарлық нормаларды сақтамай келген. Тіпті кейбір мекемелер осы күнге дейін «Ашық» жүйесіне көшпеген болып шықты. Түнгі сағат 02:48-де Шевченко көшесіндегі компьютерлік клубтың бірі тәулік бойы жасырын түрде жұмыс істеп келгені әшкере болды. Мониторингтік топ дәлел-дәйек материалдарды құзырлы органдарға тапсырды. Карантиндік талапқа шекеден қарағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.