Ұрланған телефондардың IMEI кодтарын бұзған программисті Алматы полиция ұстады

Ұрланған телефондардың IMEI кодтарын бұзған программисті Алматы полиция ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полицияның мәліметінше, 27 жастағы М.есімді азамат заңсыз іс-әрекетін қаланың Түрксіб ауданында орналасқан өз үйінде жасаған.

«Күдіктінің тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту кезінде 42 қолданылған ұялы телефондар, ноутбук, екі планшет және бір жеке компьютер табылды және тәркіленді, олардың көмегімен күдікті абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтарын (ИМЕЙ) өзгертті. Сонымен қатар, қаскүнем өзінің қылмыстық мақсатын жүзеге асыру үшін арнайы компьютерлік бағдарламаны қолданғаны анықталды. Ұсталған адамның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 213-бабына сәйкес квалификацияланған. Тәркіленген сандық құрылғылардың шын иелерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар қабылдануда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.