БҚО-да көлік апатынан тағы бір адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында 13 адамның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан тағы бір адам көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілде күні кешкісін Чапаев-Жаңақала бағытында болған жантүршіктірерлік жол апатынан 71 және 26 жастағы 2 әйел мен 34 жастағы ер адам, сондай ақ 7 жасар бала қайтыс болған еді. Кейін Жаңақала аудандық ауруханасына ауыр жарақатпен түскен 2 айлық сәби де операциядан кейін көз жұмды. Қазіргі таңда жағдайлары орташа ауыр 3 науқас Жаңақаладағы, ал 2 науқас Ақжайық аудандық ауруханасында жатыр. Жағдайы ауыр. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген 3 баланың да жағдайы бір қалыпқа келер емес дейді мамандар.

Айта кетейік, бес адамның өмірін қиған оқыс оқиға кезінде Оралдан бара жатқан «Лада Гранта» қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ 2107» жеңіл көлігіне соқтығысқан.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 117 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 47 адам қаза тапты.

 

Сондай-ақ...