Алматыдағы «барахолкада» өрт болды

Бүгін таңертеңмен Алматыда ірі өрт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау таңғы сағат беске таман Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолы бойында басталған. Бұл жерде ел арасында «барахолка» деп аталып кеткен базарлар орналасқан. Өрт сөндірушілер сол жерге жеткен кезде киім-кешек және басқа да заттар сақталған қойманың жанып жатқанын анықтайды. Қауіп жоғары болғандықтан, тікұшақ та жұмылдырылды. Ешкім жарақат алған жоқ. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Сәкен Құстұтінов, Жетісу ауданы ТЖБ бастығы:

– Өртті жоюға 84 қызметкермен 24 бірлік техника сондай-ақ, қаланың шұғыл ден қою қызметтері жұмылдырылды. Өрт 7 сағат 44 минутта оқшауланып 8 сағат 19 минутта толығымен жойылды. Қабылданған шаралармен қатар орналасқан тауар- материалдық құндылықтармен 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.