424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Үнді» штамын жұқтырған алматылық үйіне шықты

  • 513
  • UPD: 15:44, 03.07.2021
«Үнді» штамын жұқтырған алматылық үйіне шықты

Алматыда алғашқылардың бірі болып 38 жастағы әйел коронавирустың дельта штамын жұқтырды.

Әйел адам қауіпті инфекцияны базарға барған кезде жұқтыруы мүмкін. Үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ол қажетті заттарын алу үшін құрылыс дүкеніне барған. ПТР тестінің нәтижесі бойынша ковид жұқтырғаны расталды. Артынша әйелдің 8 жасар баласынан да үнді штамының белгілері табылған. Олар бір апта бойы қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом қабылдады.

Жандарбек Бекшин, қалалық Бас мемлекеттік санитар дәрігері:

– Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Олар тәуір болған соң ауруханадан шығарылды. Қазір үйде дәрігерлердің бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы