424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бәйгеден Елбасы кубогы өтеді

  • 185
  • UPD: 16:01, 03.07.2021
Бәйгеден Елбасы кубогы өтеді

5 шілде күні елордада бәйгеден Елбасы кубогы сарапқа салынады.

Республикалық жарыстың жалпы жүлде қоры – 21 млн теңге. Ат жарысқа 100-ге тарта сәйгүлік қатысады деп жоспарланып отыр. Биылғы бәсекенің ерекшелігі – алғаш рет Қостанай жылқылары аламанға түседі. Қазақтың қазанаты саналатын бұл жануар 23 шақырымға шабады. Ұлттық спортты дамытуға биыл демеушілер тарапынан қолдау көп. Бәйгенің әр түріне қомақты жүлде тігіліп отыр. «Жарыс карантиндік талаптарға сай өтеді», – деді ұйымдастырушылар.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

– Ұлттық спортымызды ұлықтайтын азаматтарымыз барда елдігімізді, салт-дәстүрімізді сақтап, рухымызды биік ұстау – әрқайсысымыздың міндетіміз деп санаймын. Ұлттық спорт бар жерде ұлттық тәрбие бар, ұлттық болмыс бар. Сол себептен, құрметті ұлттық спорттың жанкүйерлері, жанашырлары Сіздерді «Қазанат» ипподромына спортшыларды қолдап, жеңіске жетулеріне себепкер болуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы