Павлодар облысында он адамнан вирустың үнді штамы анықталды

Павлодар облысында коронавирустың «Дельта» штамы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусым айының аяғында сараптамаға жіберілген 14 сынаманың 10-нан тез тарайтын үнді штамы анықталған. Өңір қайтадан «сары аймаққа» өтті. Бүгінгі күні Ақсу қаласы мен Тереңкөл, Железин, Успен, аудандары сары аймақта тұр. Бір аптада 342 адам ауру жұқтырған.

Батырбек Әлиев, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Аймақта коронавирустың инкубациялық кезеңі қысқа әрі тез таралатын «Дельта» нұсқасы пайда болды. Жұқпалы індеттен қорғанудың бір ғана жолы бар. Ол вакциналаудың толық курсынан өтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Қатаң карантиндік талаптарды сақтай отырып аурудың алдын аламыз.