ҮЕҰ мемлекеттік грантына қазақ тіліндегі өтініштер үлесі артты

Еліміздегі үш жоғары оқу орнының енді диплом беруге құқығы жоқ.

Орталық Азия университеті, «Астана» университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінің аккредитациялары кері қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, бұл оқу ордалары білім беру сапасының аккредиттеу стандарттарын сақтамаған. Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығы мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі аталған үш жоғары оқу орнына берген құжатты қайтарып алды. Сондықтан бұл университеттер студент қабылдай алмайды. Түлектер диплом алу үшін басқа оқу орындарына ауыса алады.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:

- Жыл бойы студенттер, ата-аналардан, оқытушылардан ЖОО білім сапасы білім сапасы талапқа сай емес, тиісті инфрақұрылымы, оқытушылар, ғылыми жетекшілер жоқ деп өтініш түсті. Тексеріс нәтижесінде осы ЖОО-мен бір жылдан астам уақыт сот процесі жүріп жатыр. Сот аяқталғаннан кейін бас лицензиясынан айырылады.

Қазіргі уақытта Орталық өтінімдерді гранттар беру және олардың іске асырылуына бақылау қағидаларында және бекітілген гранттар жоспарына көзделген талаптарға сәйкестігін қарастырып жатыр.