424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда Елорда күніне орай 90 отбасы баспаналы болды

  • 126
  • UPD: 20:49, 03.07.2021

Көп пәтерлі тұрғын үйдің табалдырығын бірінші болып ұзақ жылдан бері кезекте тұрған үйелмендер аттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт қоныс тойын тойлап, шашу шашылды. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлер 13-ші ықшамауданда орналасқан.

Баспана бірінші кезекте көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында Сағаткүл Кенжебекова да бар. Ол мүмкіндігі шектеулі бола тұра, 6 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп жеткізген жан. Қиындыққа мойымай, байсалдылықпен күтіп, үш бөлмелі баспанаға қол жеткізді.

Сағаткүл Кенжебекова, көп балалы ана

- Қуаныштымыз. Отбасымызбен осы уақытқа дейін пәтер жалдап жүрдік. Бүгін енді мінекей, үйлі болып, жайлы болып, қуанып жатырмыз бала-шағамызбен. Көп-көп рақмет.

Берілген үйдің әрқайсысында екі және үш бөлмелі 15 пәтерден бар. Мереке қарсаңында осындай 6 баспана ел игілігіне берілді. Құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізілген.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

- Биыл қалада жоспар бойынша 27 үй біту керек. Жалпы 50 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сол 27 пәтерде 2300-ге жуық пәтер болады. Соның үшінде осындай үйлер болады. Жаңағы айтылған отбасыларға.

Биыл жыл соңына дейін жалпы көлемі 651 мың шаршы метр үй беріледі деп жоспарланып отыр. Оның 30%-і соңғы 5 айда орындалып, баспана кезегіндегілерге табысталған. Айта кету керек, қазір облыс бойынша пәтер кезегіне тіркелген 30 мыңнан астам адам бар.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан

 

Хабар 24 телеарнасы