Үштөбедегі жол құрылысынан 100 млн теңге жымқырғандар жауапқа тартылды

Үштөбе қаласындағы Төле би көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарын бастап, аяқсыз қалдырғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш жылдан бері ойқыш-ойқыш болып жатқан жолдың жайын арнамыздың эфирінен көрсеткен едік. Енді міне, аталған мәселеге қатысты сот үкімі шықты. Мердігер мекеме директорын, техникалық қадағалау серіктестігі өкілін және Қаратал аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысын жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Күдіктілерге жүз млн теңгеге жуық қаржы жымқырды деген айып тағылды. 6 шақырымдық жол құрылысына қазынадан 220 млн теңгеден аса қаржы бөлінген.