424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдағы халықаралық әуежай жөндеуден өтеді

  • 156
  • UPD: 10:04, 04.07.2021

Петропавлдағы халықаралық әуежай жөнделеді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

Айтуынша, лицензия алғаннан кейін осы айдың соңында Петропавл әуежайынан Қазақстанның өзге өңірлеріне тұрақты рейстер қайта басталады. Субсидиялау Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан және Түркістан бағытына бөлінеді. Бұл шамамен 600 млн теңге, деді шаһар басшысы. Әкімдік әуежайды өз басқаруына алуға ниет білдіріп, құжатты Үкіметке жіберген.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Шілде айында біз Петропавл халықаралық әуежайының қалған мүлкін сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. Яғни коммуналдық меншікке алуды көздейміз. Қазір ұшу-қону жолағы, тұрақ пен әуежай ғимараты облыс әкімдігіне өтті.

Хабар 24 телеарнасы