Қостанайда 120 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Олардың дені зейнеткерлер, мүгедектер, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен көпбалалы отбасылар. Қоныс тойын тойлаушылардың бірқатарына пәтер кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыс етті.

Көптен күткен баспаналарына қол жеткізген жандардың қуанышында шек жоқ. Солардың бірі көп балалы ана Гүлзада Есмағамбетова. Оның бес баласы бар. Үлкені 14-те болса, кенжесі екі жарым жаста. Үйелмелі-сүйелмелі сол кішкентайларымен он жылдан астам пәтер жағалап келген. Енді оның бәрі бәрі артта қалды.

Гүлзада Есмағамбетова, қала тұрғыны:

– Мен 12 жыл үй жалдап тұрдым. Қиындықта болды, бәрі де болды. Соның бәрін көтердік. Қиыншылықтарды да көрдік. Құдайдан тіледім, тілегім орындалды. Өте қуаныштымын.

Гүлзаданың көптен күткен арманына қол жеткізігеніне туыс-туғандары ерекше риза.

Көп балалы ананың жаңа пәтеріне облыс әкімі Архимед Мүхамбетов те бас сұғып, өз сыйлығын тарту етті.

Алдағы айларда осындай талай қуанышты сәттерге куә боларымыз анық. Бір Қостанайдың өзінде төрт шағын аудан бой көтеріп жатыр. Ал облыс бойынша биылдың өзінде кемі төрт жарым мың отбасы қоныс тойын тойлайды.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

Жалпы биыл Қостанай қаласында 1863 пәтер тапсырылады халыққа. 30 көп қабатты тұрғын үй. Жалпы облысымзда 4,5 мың пәтер тапсырылады биылғы жылы.

Мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйлердің дені баспанаға мұтаж жандарға арналған. Оның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 проценттік квота қатаң сақталады. Соңғы он жылдың ішінде облыста 600 пәтер жетім балаларға берілді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг