Қызылордада жазғы теннис корты ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Елорда күні қарсаңында Қызылордада жазғы теннис корты пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, жас спортшыларға ізгі лебізін жеткізді. Аймақ басшысы бұқаралық спортты дамыту бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Қазіргі таңда облыста бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесі 31-32% құрап отыр. Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру шаралары нәтижесінде дене шынықтырумен шұғылданушылар қатары арта беретіні сөзсіз. Осы мақсатта аймақ басшысы өңірде көпбейінді спорт кешендері көптеп салынатындығын жеткізді.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

– Биылдың өзінде облыста 5 спорт кешенін тапсырамыз деп отырмыз. 2025 жылға дейін белгіленген «Nur Otan» партиясының бағдарламасы бойынша жалпы облыстағы мәдениет, спортты дамыту бағдарламасы бойынша берілетін нысандар бар. Сондықтан әлі бізден көптеген чемпиондар шығады, олимпиада жеңімпаздары шығады деп ойлаймын.

Жаңа теннис ғимаратының ені 45, ұзындығы 90 метр. Нысанда 4 теннис корты мен басқа да спорттық ойын түрлеріне арналған алаң бар. Бір мезетте 40 бала жаттыға алатын жазғы корт әлемдік талапқа сай салынған. Жалпы «Нұрсәт» теннис орталығындағы білікті 3 жаттықтырушы 120 өренді түрлі жарыстарға дайындап жүр.

Урсула Рахмет, теннистен республикалық турнирлердің жеңімпазы:

– Енді осы жерде үнемі дайындалып, өз шеберлігімізді шыңдайтын боламыз. Әрбір спортшының арманы өзге елде Қазақстанның әнұранын шырқатып, көк туын желібірету. Менің де арманым осы. Егеменді елдің туын көтеретін, әрине, өркениетті ұрпақ. Сол елдің елдігін танытатын бүгінгі жастар – біз. Бізге қолдау көрсетіп, осындай спорт кешенін салып беріп жатқанына облыс спортшыларының атынан алғыс білдіреміз.

Жалпы жыл басынан бері Сыр спортшылары ел чемпионаттарында 557, ал әлемдік және құрлықтық сайыстарда 47 медальға қол жеткізді. Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына облыстан 3 спортшы жолдама алып отыр.

Авторлары:Қамбар Бекенов, Айтмұхамбет Бәйділдаев