ҚТЖ: «Қызыл» мәртебесі бар адамдардың вокзалдарға кіруі жиілеп кетті

«Қазақстан Темір Жолы» жолаушыларға барлық ірі вокзалдарда Ashyq жобасы енгізілгенін еске салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл коронавирусты жұқтырғандар мен байланыста болған адамдарға қолжетімділікті шектейді.

Қазіргі уақытта «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың вокзал ғимараттарына өтуі жағдайлары жиілеп кетті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ashyq.kz! сайтында орналастырылған бейтарап QR-кодтың көмегімен өз мәртебесін Ashyq қосымшасында және Kaspi.kz сайтта алдын ала тексеруді сұрайды.