424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ф.Фраттини: Қазақстан мен Италия індеттен кейін ынтымақтастығын кеңейтеді

  • 115
  • UPD: 10:59, 05.07.2021

Пандемиядан кейін Қазақстан мен Италия екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейте түсуі мүмкін.

Еуропаның індеттен ең көп зардап шеккен аймағы ретінде Пиреней түбегі ковидпен күрес бойынша біздің елмен өз тәжірибесімен бөлісе алады. Бұл туралы Қазақстанның Италиядағы елшісі Ерболат Сембаевпен болған кездесуден кейін телеарнамызға эксклюзивті сұхбат берген Италияның экс-Сыртқы істер министрі әрі Еурокомиссияның бұрынғы вице-президенті Франко Фраттини мәлімдеді. Кездесуде қазақстандық дипломат елімізде коронавируспен күрестің қалай жүріп жатқанын ол үшін отандық вакцина қолданыла бастағанын айтты. Сондай-ақ «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы» 27 тамыз күні Нұр-Сұлтанда табысталатынын жеткізді.

Франко Фраттини, Халықаралық ұйымдардың Итальян қауымдастығының басшысы:

- Қазақстанның Тұңғыш Ппрезиденті ядролық қарудан азат әлем құру бойынша жұмыс жүргізетін халықаралық деңгейдегі сарапшылар тобына шақырған кезде қатты қуандым. Себебі ол біздің бүгініміз бен ертеңімізді өзгертуі мүмкін. Жалпы Президент Назарбаевтың ядролық қарулануды тоқтату бойынша бастамасы көптеген мемлекет басшылары тарапынан қолдау тауып отырған ең жақсы идея.

Франко Фраттини қазақстандықтарды келе жатқан елорда күнімен құттықтай отырып, бүгінде Еуроодақ елдерінің Қазақстанмен және оның көршілерімен кеңейтілген ынтымақтастық орнату ортақ мүдде екенін түсінгендерін жеткізді. Өйткені ол инвестиция құюға, ел азаматтары арасындағы байланысты нығайтуға, жастардың білім алуына жол ашады.

Франко Фраттини, Халықаралық ұйымдардың Итальян қауымдастығының басшысы:

- Менің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарым сіздердің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етпей тұрғандарыңызда болды. Бір жыл өте тағы келдім. Кейін де елдеріңізге сапар шектім. Және әр келген сайын елдеріңізді жаңа қырынан таныдым. Мемлекеттеріңізде жасалып жатқан оң өзгерістердің бәрі бейбіт әрі тұрақты болашақ құруға бағытталған. Әлемге керегі де осы қазір.

Хабар 24 телеарнасы