Петропавлда вакцина алған студенттерге жеңілдік жасалып жатыр

Петропавлдағы жоғары оқу орнының бірінде вакцина салған студенттерге жеңілдік жасалуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпе алған алғашқы мың адам бірінші жартыжылдықта оқу үшін 7%-ке, ал кейінгілері 5%-ке аз төлейді. Сонымен қатар оларға жаттығу залы мен бассейн тегін болады. Мұндай мүмкіндік оқытушыларға да қарастырылып отыр. Жоғары оқу орнының әр корпусы мен жатақханасына «Ашық» жүйесі қойылмақ. Бүгінгі таңда жергілікті университетте 5 мыңнан аса студент білім алады.

Ерлан Шұланов, университет ректоры:

- Бүгінгі таңда университет оқытушылары мен жұмысшыларының 50%-ке жуығы ауруға қарсы вакцина алды. Студенттер де тартылып келеді. Қазір олардың 1 мыңдайы екпе қабылдады.