Алакөлдің шығыс жағалауында жағажай тәртібі қатаң қадағаланады

Алакөлдің шығыс жағалауында қоғамдық тәртіпті қадағалауға биыл 11 жаяу және 2 автопатруль жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында туристік полиция қызметкерлері де бар. Ағылшын тілін жетік меңгерген олар Алакөл жағалауында биыл екінші жыл жұмыс істейді. Бүгінде Алакөл жағалауында 200-ге жуық демалыс орны мен 65 қызмет көрсету және сауда нысаны жұмыс істеп тұр.

Талғат Нұриев, ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Алакөл жағасында азаматтарды қабылдау және жеткізу үшін 5 стационарлық бекет және 77 бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың бәрін полиция бекетіндегі қызметкер қарап, қадағалап отырады. Туристік кезең басталғалы бері 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.