424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында электр қуатына мұқтаждық өзекті мәселеге айналды

  • 208
  • UPD: 22:17, 05.07.2021

Соңғы жылдары Атырау облысында электр қуатына деген мұқтаждық өзекті мәселеге айналды. Әсіресе жаз айларында алыс ауылдарды айтпағанның өзінде қала орталығындағы ток кернеуі тұтынушының қажетін өтей алмайды.

Өңірге қосымша ток көздері келмесе, облыс жарықсыз қалуы ықтимал. Осыған байланысты батыс өңірді бірыңғай электр желісіне қосудың 5 жылдық бағдарламасы жасалған еді. Биыл кешенді жоба қолға алынады. 

Маусым айының соңғы аптасы Атырау облысына аптап ыстығын ала келді. Соңғы 15 күнде сынап бағанасы күндіз +43 гардустан түспей тұр. Атыраулықтар үшін жалғыз жан сақтайтын амал салқындатқыштар ғана. Оның салмағы электр қуатына түсетіні белгілі. Желідегі кернеудің төмендігінен жарықтың сөніп қалуы жиіледі. Соның салдарынан тұрмыстық техника істен шығып жатыр деген тұрғындар.  

Әсемгүл Жұмабаева, қала тұрғыны:

- Жып-жылы су ішіп отырмыз. Тамақтарымыз былшырап шіріп жатыр. Қарауға болады, ағып жатыр май деген. Мүлдем салқындата алмаймыз. Түнімен бықсып жатамыз. Маса бар. Оның үстіне мына свет жоқ, слабый. Мына жерде өмір сүру, қаланың ортасы деп кім айтады.

Бүгінде мұнайлы өңір тәулігіне шамамен 750-800 мегаватт электр энергиясын тұтынады. Оның 414 мегаватын Атырау жылу қуат орталығы өндірсе, қалғанын жергілікті мұнай өндіруші компаниялардың газ турбиналық станциялары береді. Соның өзінде 690 мегаваттан аспайды екен. 

Оразымбет Аймағамбетов, Батыс аймақтық диспетчерлік орталығының аға диспетчері:

- Атырау облысына жетпеген электр энерегиясын РФ-дан тасымалдаймыз, Орал арқылы. Маңғыстау облысынан да МАЭК станцияларынан жеткізуге мүмкіндік бар. Сосын мына станциялар бар шетелдік компаниялардың Аджип пен ТШО-ның, солардың станциялары бізге көмек беріп тұрады.

Мұнайлы өңірдегі электр жүйесін толықтай жарықтандыру туралы Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген болатын. Биыл батыс өңірді жаңа қуат көзімен қамтитын кешенді бағдарлама қолға алынды.

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:

- Бірінші кезекте резервтік электр желісі тартылады. Екіншіден, біз еліміздегі бірыңғай электр жүйесіне қосыламыз. Міне осы жоба жүзеге асқанда тек тұтынушылар ғана емес, батыс өңірдегі ірі кәсіпорындарда да электр қуатына деген тапшылық толық жойылады.

Жоба 2021-2025 жылдарға есептелген. Бүгінде Бейнеу арқылы Маңғыстау облысынан және Жезқазған арқылы еліміздің орталық өңірінен жаңа электр желісінің құрылысы қолға алынды. Жоба толық мәреге жеткенде Атырау еліміздің ортақ электр жүйесіне қосылып, біүртұтас энергетикалық блокқа қосылады деп күтіліп отыр.

Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы