424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өнерімен өрге жүзген елордалықтар

  • 247
  • UPD: 09:33, 06.07.2021

Елорданың мәдени тұрғыда дамуына үлес қосып жүргендер көп.

Соның бірі – Амантай Жұмашев. Ол өмірінің 30 жылын Қуанышбаев театрына арнады. Өнегесін жас актерлар көріп жүр.

Елорданың сәні Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың бас хормейстері Амантай Жұмашевтың авторлық туындысы бұл. Мұқағали Мақатаевтың шығармасын әуенмен әрлеген. Театр әртістерінің сазды үні әнге әр бере түскендей. Өкініштісі, елімізде хорға арналған шығармаларды әрлеушілер аз.

Амантай Жұмашев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

Бас, тенор, сопрано, альт дейміз. Сол төрт дауысқа бөліп, өңдеп, өзіміз жасап жатқан жайымыз бар. Өйткені баяғы Байқадамовтардан кейін жазып жатқандар әлі де бар. Бірақ сол Байқадамовтардың еңбегі елдің құлағында.

Қуанышбаев атындағы өнер ордасы егемендік алған жылы ашылды. Амантай аға сол тұста Жезқазғаннан шақыртылған еді. Кейін Елбасының қатысуымен өткен өнер кештерінің басы-қасында жүрді. Соның бірінде тұңғыш Президент қолынан баян алған. Биыл 60-қа келген ел ағасы халқының құрметіне бөленіп отыр.

Амантай Жұмашев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

–Отыз жыл біз сол ескі ғимаратта кішкене ғана сахнаны үлкейтіп алып, жұмыс жасап келдік қой. Мінеки, биыл ғана жаңа ғимаратқа қолымыз жетті, өте қуаныштымыз. Мен өзімді бақытты санаймын. Әлі де жұмыс жасай беремін деп ойлаймын.

Тәуелсіздік құрдасы Нұрсұлтан Есен жас елордамызбен бірге өсіп келеді. Халықтың театрға деген ықыласына тәнті. Амантай Жұмашевтың шәкірті осының өзі зор жауапкершілік жүктейтінін айтады. 

Нұрсұлтан Есен, актёр:

Жауапкершілік жоғары. Себебі сахнаға шыққан әртіс ойнай білуі керек, ән айта білуі керек және би билей білуі  керек. Осының бәрін көрерменге паш етіп көрсету керек. Амантай ағамыз шығармашылық адамы болғанымен, қатал болғанымен, жүрегі жұмсақ адам.

Еңселі Елордамызда мәдениет кенде қалып жатқан жоқ. Әртістер де көрерменін еркелете беруге дайын.    

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аят Елшін

 

Хабар 24 телеарнасы