Италия сарапшысы: Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел

Қазақстан - әлемге ашық ел.

Ал Еуразиядағы алпауыт екі мемлекет арасында Орталық Азияда орналасуы арқасында ғаламдық деңгейдегі ел болып отыр. Бұған көбіне жас мемлекетіміздің көпвекторлық сыртқы саясаты жағдай жасады. Бұл туралы Римде телеарнамызға сұхбат берген Vision&Global Trends атты Халықаралық ғаламдық сараптамалар институтының президенті Тиберио Грациани мәлімдеді. Астанамыздың мерейтойымен құттықтаған италиялық сарапшы, Нұр-Сұлтан қаласы болашаққа ұмтылғанын және келешекке көзқарасын ұлттық дәстүрмен сәтті үйлестіргенін атап кетті.

Тиберио Грациани, Vision&Global Trends Халықаралық ғаламдық сараптамалар институтының президенті:
– Пандемиядан кейінгі кез бәріне сынақ секілді. Өйткені барлық елдің басшылары мен сарапшылары экономиканың өсіміне жаңа мүмкіндіктер жасауы тиіс. Қазақстан мен Италия арасындағы тығыз ынтымақтастық дағдарысты еңсеруге жол ашады деп санаймын. Бұл үшін ауыл шаруашылығы, өндіріс, машина жасау мен мұнай химиясы салаларында жаңа технологияларды бірлесіп дамытуға жақсы мүмкіндіктеріміз бар. Қазақстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарып, оны қолданып келеді. Мәселен, Италияның өз вакцинасы жоқ. Ал Қазақстанда денсаулық сақтау мен зерттеу саласы жоғары деңгейде екенін көріп отырмыз. Мұны жоғары бағалаймыз.