424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда карантин күшейтілді  

  • 523
  • UPD: 11:34, 06.07.2021
Маңғыстауда карантин күшейтілді   liter.kz

 

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24» coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, енді мейрамхана, кафе және кофехана типіндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген режимде үстелдердің арасы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% келушілерман 30 отыратын орыннан аспайтын талаптарды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, ас беру) үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін және ашық ауада сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін (жазғы залдар) жұмыс істейді.

Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық басқосулар және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда еске алу өткізуге рұқсат бар.

Орналасқан жеріне қарамастан, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің бассейндерді, сауналарды, СПА-ны салондар 5 адамнан аспайтын топпен «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін ғана жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қалааралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салынады. Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы