Түркістанда Елорда мен Елбасы туралы фильмдер көрсетілді

Түркістанда Елорда күніне орай оннан астам фильм ел назарына ұсынылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары шаһардағы Қабылдау орталығының кино залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағын бейнелейтін және астананы Алматыдан Елордаға көшіру сәтін суреттейтін картиналарды бірнеше күн бойы тегін тамашалауда. Фильмдер күні бойы көрсетілуде. Бір аптаның ішінде бұл туындыларды еліміздің әр аймағынан келген 2 мыңға жуық адам көрген.

«Әсіресе, жастардың қызығушылығы жоғары», – дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, осы күндері Елорда мен Елбасы туралы түсірілген жаңа ID роликтер көрермен көзайымына айналды.

Айбол Сексенбай, Қызылорда қаласының тұрғыны:

– Еліміздің бас қаласының туған күніне орай Елбасымыз туралы, бас қаламыздың тарихы туралы керемет, ерекше фильмдер көрсетілді. Ерекше әсерде болдық. Еліміз осылай көркейе берсін. Отандастарымды шын жүректен еліміздің бас қаласының туған күнімен құттықтаймын.