Маңғыстауда мектептер 567 бейнекамера, 111 дабыл түймесімен жабдықталады

Маңғыстау өңіріндегі мектептерге 600-ге жуық бақылау камерасы орнатылып, дабыл түймесімен жабдықталады.

Мұндай шешім Білім және Ішкі істер министрліктері бірлесе жүргізген тексерулерден соң қабылданды. Қазіргі уақытта Ақтау мен Жаңаөзендегі 39 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Тағы 14 білім беру нысаны 1 тамызға дейін, ал 5 аудан кезең-кезеңімен жалғануы тиіс. Осы мақсатта облыс бюджетінен 85 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, 111 мектепте дабыл түймесін орнатуға 29 млн теңге қарастырылып отыр. Аймақта бас-аяғы 30 мектеп қана осындай мүмкіндікке ие.

Светлана Төлебаева, өңірлік Білім басқармасының басшысы:

– Цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесе отырып ауылдық мектептердің бейнекамераларын аудандық полиция бөлімдеріне тестік режимде қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы ауданының 44 мектебіне 15 шілдеге дейін, Жаңаөзен қаласының, Бейнеу, Қарақия ауданының 62 мектебіне және 5 облыстық мектепке 1 тамызға дейін дабыл тұтқасы қойылады.