425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

  • 111
  • UPD: 14:16, 06.07.2021
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті zakon.kz

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және көпжоспарлы мемлекеттік қызметіне жаңа жетістіктер тіледі, деп хабарлайды «Хабар 24» Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Владимир Путин Қазақстанның қол жеткізген толағай табыстары Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Ресей басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Ресей  бауырлас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы аясындағы интеграциялық процестерді тереңдетуге және кеңейтуге зор үлес қосуды жалғастырып келе жатқанын айтты.

Елбасы Владимир Путинге жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, тату көршілік және өзара сенімге негізделген Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы халықаралық қатынастардың жарқын үлгісі екеніне назар аударды

Хабар 24 телеарнасы