424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлытауда малы қырылып, жері өртенген халыққа облыс әкімі енді барды

  • 134
  • UPD: 15:50, 06.07.2021

Ұлытаудағы жағдай тұрақталған соң араға 5 күн салып облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барды.

Ол тұрғындар үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ екенін айтады. Түнде Пионер, Байқоңыр және Шеңбер ауылдық округтеріне тілсіз жау едәуір жақын келгенімен, құтқарушылар апаттың бетін қайтарған. Өрттің алдын алу жұмыстары жалғасуда, күш пен құрал жеткілікті.

Осыған дейін төтенше жағдай жарияланған Амангелді ауылдық округінде өрт толық сөндірілген. Қазіргі уақытта ауданда 6 қызыл жалын ошағы бақылауға алынып, біреуі сөндірілді.

Бөрсеңгір ауылы маңында жұмыстар аяқталуға жақын. Қарағандыдан Ұлытау ауданына көмекке жеке құрамның 42 адамы мен үш бірлік техника жөнелтілді. Бүгін көмекке тағы 150 әскери қызметкер келеді.

Жезқазған және Сәтбаев әкімдіктері 20 тонна жанар-жағар май мен азық-түлік ұйымдастырды.

 

Хабар 24 телеарнасы